13 Қаз 2020
Ата-аналарға

Мектепке қабылдау

1-ші сыныпқа:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» ҚР 2017 жылғы 08 сәуірдегі №179   мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127  ҚР  білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары; "Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі"  Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде 1 сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:


1)    Баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2)    Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3)    Денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат);
4)    Тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат; 
5)    3х4 см көлеміндегі фотосурет – 2 дана;
6)    Дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды, № 086/е нысаны;
7)    Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
8)     ПМПК қорытындысы (бар болса);

Барлық сұрақтар бойынша қабылдау бөлмесіне жолығуға немесе 8(7122) 23 12 21 телефонына хабарласуға болады. 

 

2-11 сыныптарға:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» ҚР 2017 жылғы 08 сәуірдегі №179   мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127  ҚР  білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары; «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы»   2007 жылғы 23 қазандағы N 502 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі"  Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде 2-11 сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:


1)    Баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2)    Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3)    Денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат);
4)    Тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат; 
5)    3х4 см көлеміндегі фотосурет – 2 дана;
6)    Дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды, № 086/е нысаны;
7)    Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
8)    ПМПК қорытындысы (бар болса);
9)    Сабақ үлгерімі туралы табель.